Қоғам

Астаналықтар Бурабай өңірінде қайырымды шара өткізді

«Charity Tour de Burabay» деп аталған бұл акция аясында халықтық веложарыс ұйымдастырылып, оған 500-дей адам қатысты.

010

Қалыптасқан дәстүр бойынша аталмыш шеруге Олимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, «Astana Pro Team» командасының бас менеджері Александр Винокуров жетекшілік етті.
Велошеруге қатысушылар демалыс аймағындағы көрікті жолдың бойымен жүріп, 30 шақырымды артқа тастады. Оларды қолдауға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Олимпиада жүлдегерлері Данияр Елеусінов, Гүзел Манюрова, Василий Левит, Илья Ильин және Серік Сәпиев, «Astana Pro Team» командасы құрамында 2010 жылдан бері өнер көрсететін кәсіби велошабандоз Паоло Тиралонго, сондай-ақ отандық және шетелдік шоу-бизнес жұлдыздары келді.
Қайырымдылық акциясы барысында аукцион да ойнатылды. Онда бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы – жерлесіміз Геннадий Головкиннің қолғабы 8 миллион теңгеге, 200 метрге жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің футболкасы 1 миллион 450 мың теңгеге, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің қолғабы 1 миллион 950 мың теңгеге сатылды. Ең қымбат лот мүмкіндігі шектеулі балалардың қолынан шыққан туындылар болды. Үш сурет 11 миллион теңгеге бағаланды. Жалпы, осынау үлкен шарадан 100 миллион теңгеден аса қаржы жиналды.  Оның бәрі түгелімен медициналық көмекке мұқтаж бүлдіршіндердің ем-домына жұмсалады.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button