Елорда тынысы

Астаналықтар неге көп шағымданады?

Өткен жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына елордалықтардан 4348 шағым түскен.

«ӘМСҚ» КеАҚ астана филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров елордалықтардың қандай медициналық қызметтердің қолжетімсіздігіне байланысты көп шағымданатынын айтты.

– Атап айтқанда, салалық бейінді мамандар, диагностикалық қызметтер, учаскелік қызметті, жалпы тәжірибелік дәрігер, терапевт-дәрігер, педиатр қабылдауын, жедел жәрдем бригадасын ұзақ күту (31,8%) мәселесі өткір. Екінші орында – медициналық көмек сапасының төмендігі (30,4%). Сондай-ақ медициналық көмек көрсетуден бас тарту (5,3%), медициналық көмекті ұйымдастыру (4,9%), дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуден бас тарту (4,3%), медициналық әдеп/этика мен деонтологияның бұзылуы (4,3%), көрсетілмеген қызметтер бойынша жалған жазбалар – медициналық ұйымның ақпараттық жүйелеріндегі сенімсіз ақпараттың болуы да (3%) өзекті, – дейді филиал директоры. Осы шағымдар негізінде былтыр 200-ден аса жоспардан тыс мониторинг жүргізілген. Соның нәтижесінде 155 кемшілік анықталған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button