Басты ақпаратЖаңалықтарМәдениет

Астаналықтар қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлының 171 жылдығын атап өтті

Дана ойшылдың туған күніне орай ұйымдастырылған шаралар легі 23 тамыздан Абай ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды.

уукрпу51р5

«Халқымыздың мақтанышы, ұлт көсемдерінің бірі – Абай Құнанбаевтың мол мұрасы қаншама жылдан бері ел игілігіне қызмет етіп келеді. Абай жырларымен бірге бір емес, бірнеше ұрпақ рухани толысып, өсіп-жетілді. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан өмірінде оның пәлсапалық ой өрнегінің орны бөлек. Ұлы баба рухына тағзым етіп, шығармашылығын насихаттау – көзі қарақты деген әр азаматтың міндеті» дейді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

225514268_94291_11863763785676087349

Салтанатты жиынға Астана қаласы мәслихаты мен «Нұр Отан» партиясы өкілдері, қала әкімдігіне қарасты басқармалар мен еңбек ардагерлері, сондай-ақ бүлдіршіндер қатысты.

«Қастерлі күнді жыл сайын мерекелеу өз алдына, бұл дәстүр үзілмейтін рухқа айналуы керек. Абай – адамзат ұлылығының алтын діңгегі. Әр адам өз жүрегімен, ісімен, бойындағы құдіретімен Абай рухына қызмет етсе, қазақ халқынан бақытты ешкім болмас еді. Қанша уақыт өтті… Абайдан асқан ақын жоқ, Абайдан асқан жаныңа жақын жоқ! Қадірлі ғажап тұлғаны қастерлемеуге хақың жоқ! Қазақтың жүрегінде Абай қасиеті жүрсе, ешқашан адаспайтынымыз анық», – деген ойын білдірді халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, арқалы ақын Серік Тұрғынбекұлы.

Бұдан кейін «Жастар» театры сахнасында «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты әдеби-сазды кеш шымылдығын түрді. Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ оркестрінің сүйемелдеуімен ұлы ақынның «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ» сынды әндері әуелеп, «Торы жорға» күйі күмбірледі. Бас ақынның бірқатар өлеңдерімен өрілген кеш Абайдың образымен сахнаға шыққан актер Жанқалдыбек Төленбаевтың оқуындағы «Жүрегімнің түбіне терең бойла» өлеңімен аяқталды.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button