Ел тынысы

Астаналықтар тасқыннан зардап шеккен өңірлерге 550 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Астаналықтар тасқыннан зардап шеккен өңірлерге 550 тонна гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана қаласы еріктілерінің фронт кеңсесінің басшысы Эльвира Есмұқанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде елорда еріктілерінің тасқыннан зардап шеккен аймақтарға қанша көмек жібергенін айтты.

«Қазақстанның үш өңірінде Төтенше жағдай режимі жарияланған сәттен бастап Астана қаласныда еріктілердің атсалысуымен гуманитарлық көмек жинайтын 9 орын ашылды. Көмек жинауға 30 еріктілер ұйымы тартылды. Жиналған дүниені іріктеп, қаптауға күн сайын 60 адам жұмылдырып отырмыз. Қала кәсіпкерлері өз бетімен көмек жинап жатыр. Олар да көмегін біздің желі арқылы жіберуде. Бүгінге дейін тасқыннан зардап шеккен өңірлерге Астанада 550 тонна гуманитарлық көмек жолданды», – деді ол.

Еріктілер өкілі астаналықтардың тасқын аумақтарына қандай көмек жолдағанын да айтты.

«Өңірлерге азық-түлік, жылытқыш пештер, қайық, генератор, күрек, 400 мың қап, балалардың киім-кешегі мен бұйымдарын, көрпе-жастық жіберілді. Көмектің бір бөлігі әуе арқылы жетіп жатыр», – деді Эльвира Есмұқанова.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button