Қала мен Сала

Астаналықтар – жеңімпаздар қатарында

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының мерейтойлық 15-марапаттау барысында «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын», «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» және «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» – 4 номинация бойынша жеңімпаздар жарияланды.

[smartslider3 slider=1344]

Байқау мәресінде Нұр-Сұлтан қаласын 7 компания таныстырды. Нәтижесінде шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» номинациясында ет және шұжық өнімдерін шығаратын «The Chef Delicatessen» жеке кәсіпкерлігі жеңіске жетті. Жеке кәсіпкерлік 2017 жылы құрылған, мұнда 20 адам жұмыс істейді. Компания деликатестердің 70-тен астам түрін: стейк, шұжық, гриль, ысталған өнімдерді шығарады. Техникалық жабдықтау бойынша цех өнеркәсіптік зауыттардан кем түспейді, барлық жабдықтар Германиядан әкелінген. Сондай-ақ кәсіпорын ет өнімдері өндірісін сәтті іске қосқаннан кейін, В2В және В2С санатындағы көптеген клиенттерді өз өнімдерімен қамтамасыз етіп, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өз мейрамханалар желісін ашты. 2018 жылы «Іскер» сыйлығының және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Үздік азық-түлік тауарлары» номинация­сында «Қазақстанның үздік тауары» сыйлығының иегері болды.

Үздіктер қатарында астаналық «DANMARD» ЖШС компаниясы оза шауып, орта кәсіпкерлік субъектілері арасында «Іскер» сыйлығының лауреаты атанды. Кәсіпорын 2008 жылы құрылған, бүгінде мұнда 121 адам еңбек етеді. Ол тігін, шұлық және шевронды өнім өндіреді. Компания ассортиментіне трикотаж бұйымдары, жеке қорғаныс құралдары, металл фурнитурасы, әскери қызметшілерге арналған заттай мүлік, амуниция, тактикалық жарақ кіреді. 2017 жылы компания Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» байқауында «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясында жеңімпаз болды. Сондай-ақ ол – «KADEX» халықаралық қару-жарақ және технологиялар көрмесінің тұрақты қатысушысы. Екі жылдан астам уақыт бойы компания Нұр-Сұлтан қаласында «Жалпыға міндетті оқыту» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, оның шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін өз өнімдерін өткізіп келеді. 2021 жылы елордалық екі компания «Парыз» бизнестің әлеуметтік ­жауапкершілігі байқауының лауреаты атанды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button