Сұхбат

АСТАНАЛЫҚТАРДЫҢ СПОРТҚА ЫНТАСЫ ЗОР

IMG_4728

Бас қаламыздың спортшылары спорттың көптеген түрлері бойынша ұлттық құрамаға енген. Әрі олар байрақты бәсекелерде топ жарып жүр. Елорда спортының жетістіктері туралы Астана қаласы Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Айталап Кургамбаев әңгімелейді.

 

 

– Астанада қанша адам бұқаралық спортпен айналысады?

– Астана қаласының әрбір төртінші тұрғыны дене шынықтыру және спортпен айналысады. Ал олардың көпшілігі, яғни, 35 пайызы жүзуге баратыны, әрбір бесіншісі бокс, күрес секілді жекпе-жек түрлерін таңдайтыны, әрбір үшіншісі футболды қалайтыны белгілі болып отыр. Одан әрі зерттеуші әлеуметтанушылар фитнес, жеңіл атлетика және велоспортқа әуестенушілер санының  артып отырғанын айтады.

Астана қаласында соңғы бес жылда де­нешынықтыру және спортпен тұрақты ай­­налысатындар қатары екі есе өсіп,  бүгінде олардың саны 168230 адамға жетті.

– Аула спорт алаңы қанша және қалай жабдықталған?

– Аула спорт алаңдары  бойынша  жұ­мыс Астана қаласының Жастар саясаты мәсе­лелері басқармасы мен Астана қала­сының Білім басқармасына жүктелген болатын. Алайда, біздің басқармамыз да осы жұмыс­қа белсене араласып, өз тарапынан балаларды спортқа баулып, көмек көрсетіп келеді. Көбіне аула спорт алаңдарында біздің жаттықтырушылар жұмыс істейді.

– Балалар-жасөспірімдер спорт мек­тептерінің жай-күйі қалай ?

– Қалада он балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Алты олим­пиадалық резерв мектебі бар. Оларда
6787 адам спорттан шеберлігін шыңдауда.  Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлде­қайда жоғары. Биыл алғашқы даярлау спорт топтарына 1823 бала қабылданды. Балалар мен жасөспірімдерді 392 білікті маман жаттықтырып жүр. Спорт мек­теп­терінде болашақ чемпиондар 53 спорт түрімен, соның ішінде 36 олим­пиа­далық бағдарламаға енген спорт түр­лері бойынша дайындалады. Астана қала­сының құрама командасы бүгінде рес­публикалық кешенді жарыстардың көш­басшысы болып, нағыз чемпиондар «ұстаханасына» айналып отыр. Биыл көктемде өткен Қазақстан Жастар ойын­дарында астаналық жас спортшылар жалпыкомандалық жарыста екінші орын­ды иеленді. Осы жарыстарда Астана ко­мандасы ғана барлық 35 спорт түрі бойынша спортшылар шығарды. Нәти­жесінде, 103 алтын, 65 күміс және 112 қола медаль жеңіп алды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button