Басты ақпаратЕлорда тынысы

Астананың ақ жайлауы

Президенттің бастамасымен құрылған Астана Ботаникалық бағы елорда қонақтарының тартымды демалыс орнына және ұлттық әрі халықаралық туризм орталығына, бір сөзбен айтқанда, астаналықтардың ақ жайлауына айналды. 

Адам мен табиғат егіз жаратылған, сондықтан да жасыл бақтың саясында жиірек болғанын қалайды. Қаланың жағдайында, ботаникалық бақтар, түрлі саябақтар қоршаған ортаны түрлендіріп, табиғат пен адам арасындағы үйлесімді сақтап, табиғат туралы өзіндік көзқарасы мен дүние­танымын қалыптастырады. Гүлдері жайнаған алқапта сейілдеп, жасыл орманның аясында тыныс алудың өзі адам үшін қажеттілік. Егер ол өзіміздің қаламыздың мысалындай іргесіндегі жасыл белдеуі немесе қаланың ортасындағы бақтар болсын, тұншыққан қаланың кең тынысындай  экологиялық жағдайына жағымды әсер етеді.

Бүгінде ресми түрде Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруа­шылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Астана ботаникалық бағы» филиалы аталатын бақтың қызметі кеңейіп келеді. Елорданың 20 жылдық мерейтойында Астана бағының оранжериялық кешені 2019 жылы витражды әйнектері бар ерекше ғимарат ретінде айрықша аталған еді. Әлемнің әр түкпірінде өсетін өсімдіктердің жайқалған бағына айналып, біздің жақта өспейтін гүлдер көгеріп, ағаштар жемісін берді.

Мұндай қоғамдық кеңістікте, спортпен айналысып, жүгіру, велосипедпен жүруге де орын қарастырылған. Бұл күндері елордадағы Ботаникалық бақта күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.

Асықпай серуендеген адамды Ботаникалық бақтың өзіндік құрылымы таң қалдырады. Егер бақтың сызбасы мен көрнекі жоспарына қарасақ, өзіндік мәнері, құрылымы бар. Жер және Ана бағының орталық бөлігі шеңбер түрінде және радиалды түрде бөлінген 8 ландшафттық-архитектуралық бөлімдер мен қылқан жапырақты ағаштар (сібір шыршасы) аллеяларымен шектелген тақырыптық бақтар (боскет), (тікенді шырша, қарағай) диаметрлерімен шендесіп жатады.

Қазіргі уақытта әлемнің 153 елінде 2200-ден астам ботаникалық бақ бар, олардың коллекциялары, өсіріп отырған гүл-бәйшешегі, бұтасы мен терегі мыңдап саналады екен.

Керемет көгалдар, гүлзарлар мен жер бедерінің түрлі көрінісін беретін, қолдан жасалған биікті-жоталы төбелер де бақтың бағын ашып тұрады. Бұл ретте астаналықтардың ақжайлауына айналған Ботаникалық бақ халықаралық стандартқа толығымен жауап бере алады дейміз.

Айгүл УАЙС

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button