Қала мен Сала

Астананы абаттандыруға үлес қос!

Қала өміріне қарапайым тұрғын белсенді араласып, халықшыл бастамаларға өздері ұйытқы болған жағдайда сервистік қызмет сапасы артып, әр салада серпіліс орын алады. Осы бағытта «Халық қатысатын бюджет» жобасының ережесі бас қаланың тұрғындарына түсіндіріліп, қоғамдық жұмысқа белсенді қатысудың жолы көрсетілді.

Спикерлер бағдарламаның негізгі критерийлерін айтып, тұрғындарға жобаны қалай жасау керектігі туралы кеңес берді.

Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының қолдауымен дәріс тегін өтті. Оған ерікті адамдар қатысып, білімін жетілдірді.

Астана қаласының Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр ауданының тұрғындары «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінімін бере алады. Қазір қабылдау жүріп жатыр. Қала тұрғындары ауласын күрделі жөндеу, гүлзар, саябақ, қоғамдық кеңістік салу, көгалдандыру және тағы басқа жобаны ұсына алады.

Қатысушылар нақты өзгерісті және жоба үшін қажетті соманы көрсете отырып, абаттандыру жоспарын дайындауы керек. Дайын жоспарды қала тұрғындары аудан әкімдігінің ресми сайтына жүктейді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button