Басты ақпаратЖаңалықтар

АСТАНАНЫ ҚОЛДАУШЫЛАР КӨБЕЙДІ

 Астана 2017 жылы өтетін ЭКСПО көрмесін өткізуге бірден бір үміткер қала болып отыр. Кеше Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев 47 ел халықаралық көрмені Қазақстан елордасында өткізуге жазбаша келісімін бергенін мәлім етті.

   «Біз өтінішімізді ұсынуды одан әрі жалғастыра береміз. Бүгін Польша өз қолдауын бергеніне өте қуандым. Қарашаның соңында дауыс беріледі деп күтілуде. Қазіргі таңда Қазақстан мен оның «энергия» тақырыбына қызығушылығын көптеген елдер қолдап отыр.Қолдаушы елдердің тізім қатары күн сайын толығуда.

Қазір 47 ел Қазақстанды қолдайтынын жазбаша және 35 ел ауызша растап отыр. Әр күні бұл тізім ұлғайып келеді, өйткені біз әрбір мемлекетпен жеке жұмыс істеп жатырмыз» деп атап өтті СІМ жауапты хатшысы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button