Басты ақпаратБілім

Астананың 24 мектебінде 10 және 11-сынып оқушыларына арналған тегін кәсіптік бейімдеу курстары оқытылады

Жалпыға бірдей тегін кәсіби бағыт-бағдар беру» пилоттық жобасы аясында оқушыларға тех­никалық мамандықтарды оқыту сабақтары биыл қаңтар айында басталған. Бағдарламаның мақсаты – елордаға ең қажетті  мамандарды даярлау.

фф

Мемлекет басшысының тегін кәсіптік білім беру туралы тапсырмасын іске асырар алдында елордалық Білім басқармасы Жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, еңбек нарығына қажетті мамандықтар тізімін жасаған. Кейін мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргізіліп, техникалық білім алғысы келетін оқушылары бар мектептердің тізімі айқындалған.
Оқушыларға шаштараз, электронды есептегіш машиналар операторы, референт-хатшы, тігінші, бармен және даяшы мамандықтары бойынша курс­тарды аяқтағаны туралы куәлік беріледі. Олар мектепте – теориялық, ал колледж­де практикалық білім алады.
«Бұл – өте тиімді жоба. Мәселен, түлектер ҰБТ-дан жоғары оқу орнына түсуге қажетті ұпайды жинай алмаса, қайда барарын білмей,
далада қалмайды, мектепте берілген кәсіби бі­ліммен  бірден  жұмысқа кірісуге дайын болады» дейді Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназияның директоры Жанат Айтова.
Оқушылар да бұл бас­­таманы қуана қолдады. Мәселен, жыл басында №7 мектеп-гимназияда 10-сыныптың 75 оқушысы қалалық Білім басқармасы ұсынған кәсіби курсты оқуға ерік білдіріпті. Оларды ЭЕМ операторы, тігінші және даяшы мамандықтарына Политехникалық, ҚазТБУ, Қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету колледждерінің білікті ұстаздары оқытады. Балалардың өз оқуына кедергі болмас үшін кәсіптік білім аптасына екі рет, сабақтан тыс уақытта жүргізіліп жүр.
Ерте жастан мамандық таң­дауға бағыттайтын жоба жал­ғыз бұл емес. Білім басқар­ма­сының басшысы Қасымхан Сенғазыевтың айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап «Кә­сіп­тік бағдар» жобасы іске қо­сы­лады. Сондай-ақ, «Кім болам?»
атты мобильді қосымша шы­ға­рылмақшы. Мұның бәрі – Елбасының  тегін кәсіптік-техни­калық білім алуды жүзеге асыру тапсырмасы аясында қолға алынған жұмыстар.
Мәдина  ЖАҚЫП
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button