Әлеумет

Астананың алғашқы «Аңсаған сәбиі»

Мемлекет басшысының тапсырмасымен қабылданған «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы елордада алғашқы сәби дүниеге келді.  Салмағы – 3 550 г және бойы – 58 см, дені сау бала елорданың №2 Көпбейінді қалалық ауруханасының акушерлік блогында туылды.

[smartslider3 slider=1217]

Қала тұрғыны (өтініші бойынша аты-жөні көрсетілмейді) алғашқылардың бірі болып «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша ЭКҰ жүргізуге квота алды. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгінді. «Аңсаған сәби» жаңа бағдарламасы туралы естігенде күйеуім екеуміз бағымызды сынап, қатысу туралы шешім қабылдадық. Алдымен өз емханамызға барып, қажетті құжаттарды тапсырдық. Бала – өмірдің мәні. Өкінішке қарай, ұзақ уақыттан бері бала сүйе алмай жүрдік» дейді бақытты ана. Тексеруден кейін жүргізілген консервативтік терапияның әсерінің жоқтығын ескере отырып, ерлі-зайыптылар дәрігерлік консилиумның шешімі бойынша МӘМС шеңберінде ЭКҰ рәсімін жүргізу үшін кезекке қосылды.

«Желтоқсан айында денсаулық сақтау басқармасы жұмыс комиссиясының мақұлдауын алып, №272 бұйрықтың критерийлеріне сәйкестігін ескеріп, МӘМС шеңберінде ЭКҰ өту үшін квота алды. Пациент ЭКҰ жасау үшін Алматы қаласындағы Репродуктивті медицина институтын таңдап, 12 аптаға дейін дер кезінде есепке тұрды, ары қарай ауруханамыздағы дәрігерлердің барлық ұсынысын ұстанды» дейді акушер-гинеколог Алуа Мансұрова. Барлық прегравидарлық кезең және ЭКҰ рәсімі алдындағы дайындық, жүктілікті бақылау және босанудың өзі Нұр-Сұлтан қаласының №2 көпбейінді ауруханасының қабырғасында өтті.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласына 487 квота бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 есе көп. Ұзақ уақыт некеде тұрған көптеген елордалық МӘМС аясында ЭКҰ бағдарламасынан өту мүмкіндігіне ие болды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button