Sport

«Астананың» арыны күшті

Елордалық команда «Астана-Арена» стадионында «Тараз» клубын қабылдады. Алаң иелері ойын басталысымен шабуылға шығып, қонақтарды тығырыққа тіреді. 

Көп ұзамай ойынның жиырма екінші минутында «Астана» клубының жар­ты­­лай қорғаушысы Кетевоама есеп ашып, командасын алға шығарды. Аз ғана уақыт­тан кейін Ұлан Қонысбаев қар­сы­ла­­сы­ның қақпасына екінші голды салды. Үсті-үстіне шабуылдаған елордалықтар ойын­ның алғашқы кезеңі аяқталмай жатып Кетевоама тағы да доп соқты. Ал, қонақ­тар Шерхан Бауыржанның жалғыз голы­ның арқасында есепті қысқартты.

Қалған ойындарда мынадай есеп тір­кел­ді: «Шахтер» (Қарағанды) ‒ «Вос­ток» (Өскемен) 2:0, «Жетісу» (Тал­­ды­қорған) ‒ «Тобыл» (Қостанай) 1:4, «Ертіс» (Павлодар) ‒ «Қайрат» (Алматы) 2:1, «Ақжайық» (Орал) ‒ «Атырау» 4:0, «Ақтөбе» ‒ «Ордабасы» (Шымкент) 1:0.

Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button