Жаңалықтар

АСТАНАНЫҢ КӨРІКТІ ЖЕРЛЕРІ АҚШЫЛ КӨК ТҮСПЕН ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

Астанада «Бәйтерек» монументі, «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы, «Сарыарқа», «М 2» көпірі ақшыл көк түске боялады.
c-1

Жыл сайын 17 қарашада бүкіл әлемде Халықаралық шала туған балалар күні атап өтіледі. Осы күні халықты мерзімінен бұрын босану туралы ақпараттандыру және мерзімінен бұрын туған сәбилердің қажеттіліктеріне назар аудару мақсатында сәулет құрылыстарын жарықтандыру акциялары өтеді.

Осы күні, сондай-ақ, Нью-Йорктегі Эмпайр-стейт-билдинг  және Ыстамбұлдағы Босфор көпірі ақшыл көк түспен жарықтандырылады, ал көптеген танымал тұлғалар ақшыл көк түсті киім киіп шығады.

Еске салсақ, бүгінгі күні елордала 466 төсек орынға есептелген үш перинатальды орталық және 45 төсек орынға есептелген University Medical Center корпоративтік қорының филиалы Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығы жұмыс істейді. Аталған мекемелерде елордалық және аймақтардан келген жүкті әйелдерге, босанғандарға және жаңа туған нәрестелерге білікті медициналық көмек көрсетіледі.

Босанатын әйелдерге дәрігерлік жәрдем беру шараларын күшейту шаралары белсенді түрде жүргізілуде, қала әкімдігі соңғы бес жылда 1300 құрал-жабдық пен санитарлық көліктер сатып алған.

astana.gov.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button