Елорда тынысы

«Астананың құстары» фотокөрмесі өтті

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Сарыарқа ауданындағы филиалында фотосуретші Күләнда Тулебаеваның «Астананың құстары» атты көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Көрме әралуандылығымен ерекшеленіп, аудан тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылды. Фотокөрме арқылы елордада мекендейтін құстар әлемімен танысуға мүмкіндік бар. Көрмеде құстардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігін көрсететін фотосуреттер қойылды. Күләнда Сағымбайқызы – Сарыарқа ауданына қарасты Орталық филиалының қызмет алушысы.

Автордың айтуы бойынша, көрменің мақсаты — Астанада мекендейтін құстар туралы хабардар етіп қана қоймай, оларды қорғауды насихаттау.
«Астананың құстары» көрмесі тек танымдық іс- шара ғана емес, қоғам мен табиғат арасындағы байланысты нығайтқан мәдени оқиғаға айналды.
Ұйымдастырушылар фотокөрменің бір апта бойы жалғасатынын айтып, қала тұрғындарын көрмені тамашалауға шақырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button