Ел тынысы

Астананың сол жағалауында дрон ұшырсаңыз, техникаңыздан айрылуыңыз мүмкін

Қазір Астана қаласы бойынша тіркелмеген және ұшуға рұқсат алмаған дрондарды анықтау жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астананың сол жағалауында дрон ұшырсаңыз, техникаңыздан айрылуыңыз мүмкін. Оған қоса айыппұл салынады. Себебі қала орталығының кейбір жерлеріне ұшқышсыз ұшу құрылғыларын тоқтататын қондырғылар қойылған. Ұшыруға рұқсат керек.

Ал квадрокоптерді тіркеу біраздан бері бар. Бірақ оны көпшілік біле бермейді. Сондықтан құзырлы органдар телеграмм желісінде «Қазақстан дрондары» ақпараттық арнасын іске қосты. Онда құрылғыларға қатысты барлық мәлімет бар.

«Қазір Астана қаласы бойынша тіркелмеген және ұшуға рұқсат алмаған дрондарды анықтау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Олардың қатары күннен күнге көбейіп барады. Заң талаптарын орындамағандарға айыппұл салынады», – дейді Қазақстан авиация әкімшілігінің департамент директоры Владимир Кошманов.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button