Басты ақпаратҚала мен Сала

АСТАНАНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

01 (1) Встреча с активом г

Астана қаласының әкімдігінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен актив мәжілісі өтіп, онда Елбасы Астананың жаңа әкімін таныстырды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

– Менің Жарлығыммен Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрі болып тағайын­далды. Бұл лауазым – ел үшін, халқымыз үшін жауап­кер­шілікпен атқарылатын ең бір маңызды қызмет. Мемле­кеттің тәуелсіздігін қорғау, шекара­сының беріктігін қамтамасыз ету – қашан да абыройлы іс. Сондықтан, осы қызметті айы­рықша сенім артып Иманғали Нұрғалиұлына жүктеп отырмын. Ол көп жылдардан бері менің қасымда жұмыс істеп келеді, көптеген лауазымдарды атқарды. Барлық жерде жұмысты бүге-шігесіне дейін зерделеп, мықты ұжым қалыптастырып, қойылған міндеттерді орындады. Бәріміздің сүйікті қаламыз Астананы алты жылдан аса басқарып, шаһардың дамып, өркендеуі үшін бар күшін салып, үлкен жұмыстар атқарды, – деді Мемлекет басшысы.

Өз сөзінде Иманғали Тасмағамбетов осындай жоғары лауазымға тағайындап, үлкен сенім білдіргені үшін Елбасына алғыс айта келіп, қалыптасу жылдарында Астананың іргетасын бірге қаласып, елдің, халықтың игілігі үшін бірге тер төккен әріптестеріне ризашылығын жеткізді.

– Конституцияға сәйкес, мен мәслихаттың келісімін алып, Әділбек Жақсыбековті Астана қаласының әкімі етіп тағайын­дадым. Бұл кісі 1997 жылы қаланың алғашқы мэрі болды. Ол қандай салада жұмыс істесе де, барлық міндеттерді игерді, – деді Мемлекет басшысы.

БЕДЕЛСӨЗ

 Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: 

– Астана – болашақтың қаласы. Мәдениет ошағы, білім мен ғылымның ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің тұғыры. Елорда –  жасампаздыққа ұмтылыстың, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше нышанына айналған құбылыс. Он алты жылда біз жаңа елорда салып қана қойған жоқпыз, еліміздің тұрғындарымен қатар дүние жүзінен келетін қонақтарды да таңдандырып, тамсандыратын қала жасадық. Бүгін Астананың ғаламшардағы «топ-21» ақылды қалалар тізіміне кіргені мәлім болды. Осындай әсем де ақылды қаланы жанға жайлы, көпшілікке ыңғайлы етіп басқару үлкен іскерлікті қажет етеді.

Бұдан кейін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков сөз алып, «Ғасырлар тоғысында Есіл­дің жағасында өмірге келген ға­жайып шаҺар – ел Президентінің керемет шығармашылықпен жүзеге асырылып жатқан төл туын­дысы. Осы негізде айтылған соны ойлар мен берілген барлық тапсырмаларды орындау мен үшін үлкен құрмет және әркез тың жауап­кершіліктер жүктейді» дей келе жаңа жұмысына күш-жігерін жұмсайтындығына сендірді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button