SportЖаңалықтар

«АСТАНАНЫҢ» ЖАҢА ҚҰРАМЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

143672236597v9m

Елордада жаңа маусымда өнер көрсететін «Астана» кәсіби велокомандасының құрамы таныстырылды. Салтанатты шарада өткен маусымдағы жетістіктер баяндалды.

«Астананың» бас ме­неджері Александр Винокуров маусымды сәтті өткізгендерін, соның ішінде «Джиро д’Италия» суперкөпкүндігінде 34 жеңіске жеткендерін атап өтті.
– Винченцо Нибали бастаған жігіттермен толағай табысқа қол жеткіздік. Әлемнің ең жоғарғы деңгейдегі жарыстарында 30 жүлделі орын алдық. Әсіресе, оның ішіндегі 7 жеңіс пен 4 жүлделі орынды өзіміздің қазақстандық велошабандоздар алды. Маусым аяқталғанымен, жеңісті күндердің бәрі алда. Біздің жоба жақсы дамып жатқанын үлкен сенімділікпен айта аламын. 2017 жылы «Астанада» біраз өзгерістер болады: құрамға, формаға, велосипедтерге және тағы басқа техникалық нәрселерге қатысты. Бұл өзгерістер командамызды тең ілгері жылжытады деп үміттенемін. Бүгін біз келесі маусымда бізді мақтан тұтуларыңыз үшін жаңарған команданы таныстырамыз, – деді Александр Винокуров.
Шара аясында қонақтар мен жанкүйерлерге «Argon 18» компаниясы ұсынған «Астананың» жаңа велосипедтері таныстырылды.
Келесі жылы «Астана» сапында Қазақстан, Италия, Дания, Испания, Бельгия, Украина, Эстония, Колумбия және Ресей секілді елдердің 28 велошабандозы сынға түседі. Олар: Фабио Ару, Жандос Бижігітов, Пельо Бильбао, Матти Брешель, Михаэль Вальгрен, Оскар Гатто, Андрей Гривко, Дмитрий Груздев, Лауренс Де Вриз, Артем Захаров, Андрей Зейц, Арман Камышев, Дарио Катальдо, Танел Кангерт, Бахтияр Қожатаев, Мигель Анхель Лопес, Алексей Луценко, Риккардо Минали, Морено Мозер, Луис Леон Санчес, Микеле Скарпони, Никита Стальнов, Паоло Тиралонго, Руслан Тілеубаев, Даниил Фоминых, Якоб Фульсанг, Йеспер Хансен және Сергей Чернецкий.

 Орынбек  ӨТЕМҰРАТ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button