Жаңалықтар

Астананың Жерұйық саябағында Ұлттық отбасы күніне арналған «Салауатты отбасы – салауатты ұлт» ұранымен қызықты акция өтті

5g7a1387

Шараны Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы Алматы ауданы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды.

– Мемлекетіміз отбасы институтының дамуына үлкен көңіл бөліп, оған үнемі қолдау білдіріп келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды полиомилиттен және безгектен арылған аймақ ретінде таныды. Тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішінде елімізде қызамық, дифтерия, қызылша сынды жұқпалы аурулар жүз еседен астам көрсеткішке азайды. Бала туу көрсеткіші де 10 мың сәбиге артты. Денсаулық сақтау маманы ретінде осыған марқаямын.

Астана тұрғындарының әлеуметтік келбетін сараласақ, елордада білімді, білікті жас отбасылар тұрады. Сондай отбасыдағы ері мен әйелінің басында бір емес, екі жоғарғы білім тоқайласқаның зерттеулер айтады. Елорда дәрігерлері  отбасы мен жүктілікті жоспарлауға көп мән береді. Соның арқасында бала өлімі екі есе азайып, ана өлімі мүлде жойылды. Бұл көрсеткіштер Қазақстанды даму қарқыны жоғары 50 мемлекеттің қатарына қосты. Алдымызда енді отыздыққа кіру мақсаты тұр. Бұл мақсатты да еңсереміз деп ойлаймын, – деді Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Бәкіров.

5g7a1411

Саябаққа жиналғандарға сәлемін жеткізген Олимпиада чемпионы, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы, «Астана» кәсіби спорт клубының аға менеджері Юрий Мельниченко баршаны боксшы Геннадий Головкиннің кезекті жеңісімен құттықтап, Рио Олимпиадасындағы спортшыларымыздың жарқын жетістіктерін жаңғыртты.

Акция отбасылар арасындағы түрлі жарыстармен жалғасып, мерекелік концертке ұласты. Атап айтсақ, «Салауатты өмір салтын ұстанатын үздік отбасы» интернет-байқауында Абдуллаевтар отбасы топ жарды. Ал Боранбаевтар мен Әйтімовтер әулеттері екінші және үшінші орындарды иеленді.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button