Жаңалықтар

Астарлы әзіл алаңы

Қай мерекеге де белсенді атсалысып жүретін елорданың жолаушылар тасымалдау кәсіпорындары бұл жолы Тәуелсіздіктің 21 жылдығы құрметіне көңілді тапқырлар клубы ойынын ұйымдастырды.

Политехникалық колледж ғимаратында өткен жарысқа №1,2,3,4 автобус парктері мен «Жорға» және «Темір тұлпар» ЖШС командалары қатысты. Автобус жүргізуді ғана білетіндей көрінетін көлік мекемелерінің қызметкерлері сайыс барысында әзіл-қалжыңға да шебер, өнерден де құралақан еместігін аңғартты. Көлік жүргізушілері мен кондуктор қыз-жігіттер тәуелсіздігіміздің тарихы мен маңызын бейнелейтін көріністер қойып, осынау мерейлі мерекеміздің кейде Жаңа жыл мейрамының көлеңкесінде қалып қоятынын да сын тезіне алды.

Тәуелсіздік алғалы әлі күнге дейін мемлекеттік деңгейге жете алмай жатқан қазақ тілінің жай-күйі де КТК командаларының астарлы әзілдеріне арқау болды. Әдемі әзілдер мен шынайы күлкіге құрылған көңілді жарыс №2 автобус паркі командасының жеңісімен аяқталды. Екінші орынды №1 автобус паркі еншілесе, үшінші орынға №4 автобус паркі лайық деп танылды.

Қ.Нұрғали

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button