Елорда тынысы

«Асыл мұра» орталығы ашылды

Балалар жылы аясында және елорда күні мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 балалар өнер мектебінің жанынан «Асыл мұра» қосымша білім беру орталығы ашылды.

[smartslider3 slider=3393]

Қосымша білім беру бағдарламасын іске асыру және мектеп жасындағы балалардың музыкалық, эстетикалық дамуын қалыптастырып, шығармашылық өсуіне, қоғам өміріне бейімделуіне, азаматтық сана-сезімінің, жалпы мәдениетінің, уақытын мазмұнды ұйымдастыруына жағдай жасау мақсатында ашылған өнер мекемесі елордадағы Қ.Мұхамедханов көшесінің 16/2 мекенжайында орналасқан.

Өнер ордасының ашылу салтанатына қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова, қоғам қайраткерлері мен қала педагогтары қатысып, ізгі тілегін жеткізді.

«Асыл мұра» өнер мектебінің директоры Фархат Қабденұлының айтуынша, өнер орталығы бес бағыт бойынша жұмыс істейді. Балалар қазақтың ұлттық аспаптары: домбыра, прима, қобыз, қылқобыз, жетіген, саксафон, дәстүрлі ән, скрипка, вокал, көркемөнер, қолданбалы қолөнер, театр сыныбы бойынша оқуға қабылданады. Оларға барлығы 12 мұғалім дәріс береді. Оқушылар 3 тамыздан бастап құжат тапсыра алады. Жалпы балалар өнер мектебіне 200-ге жуық оқушыны қамту жоспарланып отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button