Uncategorized
Асық атудан әлем кубогінде алтын медаль алды
Асық атудан әлем кубогінде астаналық екі спортшы алтын медальға ие болды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Түркияның астанасы Анкара қаласында өткен асық атудан ересектер арасындағы әлем кубогіне 10 елдің 60-қа жуық спортшысы қатысып, қазақстандық спортшылар топ жарды.
Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын қорғаған алты спортшының бесеуі алтын, біреуі күміс жүлдеге ие болды. Соның ішінде екі астаналық спортшы Аружан Сүйментай (Бірінші сақа) және Балмира Бекбосынова (Екінші сақа) алтыннан алқа тақты.
Жалпыкомандалық есепте отандастарымыз бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Қырғыз елінің спортшылары теленсе, үздік үштікті түркиялық спортшылар түйіндеді.