Мәдениет

Асық ойнап, арқан тартты

Елордадағы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Жаңғырған дәстүр, жаңарған ­Наурыз» атты Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті.

[smartslider3 slider=2473]

Қоғам қайраткері, қалалық билер кеңесінің бас биі Әнуарбек Ералы ақ батасымен, Наурыз туралы ой-толғамымен шара шымылдығын ашты.

Шараға шаһардағы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-лицейі және Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысып, тәлімді ой түйіп қайтты.

Мерекеге орай балалардың ұлттық киіммен келуі ұлыс мерекесінің ұлықтауы екенін аңғартты. Сонымен қатар өздерінің Наурыз туралы ойларын, өлең-жырларын ортаға салды.

Кітапханашылар Жанна Айдарбекқызы мен Жәмила Жанарбекқызы ұлттық ойынның қадір-қасиетін түсіндіріп, викториналық сұрақ айдарымен шараны қыздыра түсті. Әсіресе, асық ойыны, қыз қуу, теңге алу, қол күресі, арқан тарту ойындары балалаларды ерекше әсерге бөледі.

Балаларға ұлттық дәстүр, ұлттық тағам, ұлттық ойындардың тәрбиелік мәнін түсіндіру мақсатында өткен шара мәнге толы болды. Шара соңында шашу шашылып, бауырсақ таратылды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button