Қоғам

Ат спорты Федерациясы 2024 жылдағы жұмыстарын қорытындылады

Астана қаласы Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлерінің Федерациясы 2024 жылдағы жұмыстарын қорытындылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Өткен жылы федерациясы ауқымды бес іс-шара ұйымдастырып, оған 6 мыңға жуық қатысушы мен көрермен тартылды. Олардың қатарында 3 ірі бәйге мен көкпар жарыстары өткізіліп, 10 мыңнан астаң жанкүйерлер жиналды.
Елордалық спортшылар конкур бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді: республикалық жарыстарда 9 алтын, 7 күміс және 6 қола медаль жеңіп алып, халықаралық сайыстарда ұлттық құраманың қоржынына қосқан үлестерін арттырды. 2025 жылы федерация 7 ұлттық спорт түрі бойынша жарыстар мен олимпиадалық бағдарламаға кіретін конкурдан 5 турнир өткізуді жоспарлап отыр. Бүгін өткен қорытынды конференцияда үздік шабандоздар, жаттықтырушылар, спортшылар, жылқышылар және иппотерапия мамандары марапатталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button