ЖаңалықтарРесмиет

Ата-аналар назарына!

Астана қаласы бойынша ағымдағы жылғы 5 айда 312 өрт тіркелді. Материалдық залал 38 млн 893 мыңнан аса теңгені құрады. Өрттерде 11 адам қаза тапты, олардың ішінде бес бала болды. 52 оқиғада өрттің негізгі себептерінің бірі отты ұқыпсыз пайдалану болды, 5 жағдайда өрттің себебі балалардың отпен ойнауынан туындаған.

Әдеттегідей, балалардың отпен ойнауына себепкер үлкендер болады. Үйде қараусыз қалған балалар рұқсат етілмеген ойындарды, кейбір кезде ермек ретінде сіріңкемен ойнайды. Оның үстіне олар отпен ойнау салдарын білмейді. Мұндай оқиғалар ата-аналар сіріңкені, шақпақтарды балалардың қолы жетпейтін орындарға алып тастамаған жағдайда, электр жылыту құралдарын, жанып жатқан пешті қараусыз қалдырғанда болады.

Сөйтіп, үлкендердің салақтығы және жеткіліксіз қырағылығы бес баланың өліміне апарды, ең үлкен қыз бала 2010 жылы туған, ал ең кішісі бес-алты айлық болды. Осының бәрі екі өртте болды. Бір жағдайда отбасы үш бірдей баласынан, екінші оқиғада екі баладан айырылды.

Ата-аналар мен үлкендердің назарын төмендегіге аудар­ғы­мыз келеді:

Мұқият, қырағы болыңыздар және түзелмейтін салдарға апаруы мүмкін әрекеттерге жол бермеңіз.
Сіріңке, шақпақтарды балалардың қолы жетпейтін орындарда сақтаңыздар.
Балалар аулада, құрылыстар жанында от жақпауларын қатаң қадағалаңыздар.
Балаларға құрылыстарда, шатырдың астында ойнауға, бұл жерлерде сіріңке, шамдар мен факелдерді қолдануға рұқсат бер­ме­ңіздер. Бұл орын-жайларды ылғи жабық күйінде ұстаңыздар.
Балаларға үнемі отпен ойнау қаупін түсіндіріңіздер.
Балаларға пешті жағуды, газ плитасын қосуды, керосин шамдарын, электр құралдарын қосуды тапсырмаңыз.
Балаларға жылыту құралдарын қадағалауды сеніп тапсырмаңыз.
Балалар отпен ойнап отырған жерлерден қадағалаусыз өтпеңіз.
Үлкендердің қадағалауымен балалардың демалысын ұйым­дас­ты­рыңыз.

Төлеген УСАБАЙ,
Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button