Қала тіршілігі

Ата-аналарға арналды

Кеше қаламыздағы №29 «Аққайың» балабақшасында жарапазан айтылып, «Армысың, Әз-Наурыз!» атты ата-аналарға арналған мерекелiк кеш өттi.
Құт-берекесiмен ерекшеленген жыл басы Наурызда Қыдыр баба «Ұлыс оң болсын! Ақ болсын!» айтып, батасын бердi. Ұлық мерекенiң тағы бiр ерекше сәтi батыр мен мыстан кемпiрдiң қойылымы болды.
Шадыман шаттыққа бөленген бүлдiршiндер Наурыз жырымен, мың бұралған биiмен тойдың сәнiн ашты. Жиналған қауым «Осындай ойын-сауық бола берсiн, үй-iшi той-думанға тола берсiн!» деп жыл басы, ұлық мерекенiң ұлттық болмысын ашып, бояуын қанықтырды.
Жүздерi бал-бұл жанған балалардың көңiл-күйi бiздiң де жанымызды жадыратып жiбердi.

Серiкгүл СҰЛТАНҚАЖЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button