Жаңалықтар

«АТАМЕКЕН» ҚАЗАҚСТАН КАРТАСЫНЫҢ» 13 ИГІ ШАРАСЫ

 Елорда төріндегі «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені бір күнде 13 игі шараның басын қосқан «Жыл басы – Наурыз» атты мерекелік той-думан өткізбек. Ұлттық мәдениетімізді әрі насихаттайтын, әрі дәріптейтін шара 22 нау­рыз күні сағат 11.00-де басталып 18.00-ге дейін жалғасатын болады.

Ұлыстың ұлы күніне орай өтетін тағылымды шараның бағдарламасына «Ең дәмді Наурыз-көже», «Ең дәмді бал қымыз», «Ең тәтті бауырсақ», «Ең дәмді самаурын шәйі», «Ақ тілек, Наурыз бата», «Ұлттық би», «Наурыз мейрамы» туралы ақындар айтысы, «Киім пірі-кимешек», «Бұрымды қыз», «Аталар сөзі – ақылдың көзі» мақал-мәтелдер, «Наурыз-шуақ» балалардың сурет салу және «Атадан қалған ұлы мұра» қол өнер және «Спорт ойындары» байқаулары еніп отыр. Бұл байқауларға өз өнері мен шеберлігін көрсетемін деушілер қатыса алады. Ал қатысып көзге түскен ұжымдар мен жекелеген азаматтар бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталатын болады. Олай болса, «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде өтетін тағылымды той-думаннан табылайық, ағайын.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button