Жаңалықтар

Атамызды еске аламыз

фотосыцц

Бұл мереке біздің әулет үшін де аса қастерлі саналады. Қара ниетті фашизммен шайқасқан айтулы соғысқа Ақмола қаласында туған үлкен атамыз Асқар Исенов те қатысып, ерлік көрсеткен.

Атамыз Қызыл әскер қатарына 1939 жылы алынған. Отан алдындағы міндетін өтеп болып, енді елге ораламын деп жүргенде соғыс басталып кетеді. Содан Украи­на майданынан бір-ақ шығады. Днепр өзенінен өту үшін болған қиян-кескі ұрысты басынан кешіреді. Осы операция барысында көрсеткен қайсарлығы үшін полк басшылығынан алғыс алады. Үлкен ағатайларымыздың айтқандарынан естігеніміз Ұлы Отан соғысына бірінші күннен кіріскен Асқар атамыз 1945 жылы Жапонияға қарсы жорыққа да қатысып, содан кейін ғана елге оралған.
Соғыстан аман-есен елге оралған атамыз Нәзифа әжемізге жолығып, екеуі бірін-бірі ұнатып, шаңырақ құрған. Атамыз бейбіт өмірдің еңбек майданында да жемісті еңбек еткен. Әжеміз екеуі жеті бала тәрбиелеп-өсірген. Ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырған. Балаларының бәрі тәрбиелі, жоғары білімді. Ал сол балаларынан өрбіген көптеген немерелері өсіп қалса, бір топ шөберелері де жүгіріп жүр. Мен де бүгін ардагер атамның рухына басымды иіп, барлық немере-шөберелерелерінің атынан осы бір естелігімді жазып отырмын.
Біз жыл сайын 9 мамыр – Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысының майдангері – Асқар атамызды еске аламыз. Ерлігіне тағзым етеміз. Енді біздің еліміздің адамдары ешқандай соғысқа қатыспаса екен деп тілейміз. Барлық соғыс ардагерлерін Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтаймыз. Қазақ елі гүлдене берсін деп тілейміз.

Нұрлан ИСЕНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button