Қоғам

Атаулы әлеуметтік көмек

Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек берілді. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 122,8 млрд теңге бөлінген.

АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 216 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды. АӘК алушыларға төтенше жағдай режимі мен карантин шектеу шараларының қолданылуына байланысты 2020 жылғы II, III және IV тоқсандарда, сондай-ақ 2021 жылғы I, II тоқсандарда көмек таға­йындау ұзартылды. Қазіргі уақытта АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электронды үкімет порталы арқылы бере алады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button