#Жаңа Қазақстан

Атажұртқа келіп алғаш рет дауыс берді

Назарбаев университетінің студенті Елара Оңалханқызы 18 жасқа толып алғаш рет дауыс берді.
-Атажұртқа көшіп келгенімізге көп уақыт болған жоқ. Ол елде әке-шешемінің сол елдің азаматы ретінде дауыс беріп, сайлауға қатысып жатқанын көрген емеспін. Ал мен өзімнің еркін еліме келіп, камелет жасына толғаннан кейінгі бірінші дауысымды президентке бергелі отырмын. Қазақ еліне келіп, қазақтың президентіне дауыс берудің өзі үлкен бақыт. Бұл да тәуелсіздіктің арқасы. Біздің еліміз болашақта керемет дамыған елге айналады. Осы жолы сайланған президент елде үлкен реформалар жасайды деп сенем,-дейді астанадағы №315 сайлау учаскесінде дауыс берген Елара.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button