Мәслихат

Атқарған еңбегіне алғыс білдірді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәслихат депутаттарымен кездесті. Жиын ­барысында Ерлан Каналимов жаңа жұмыс орнына ауысуына байланысты VIII шақырылым депутаты мен мәслихат төрағасының өкілетін тоқтату туралы өзінің шешімін хабарлады.

Қала әкімі елорда тұрғындарының тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған қызметі үшін Ерлан ­Ермекұлына алғыс айтты. Ерлан Ермекұлы өзінің еңбек жолын Сарыарқа ауданы әкімінің ұйымдастыру-­бақылау және кадр жұмысы бөлімінің маманы қызметінен бастады. Әр жылдары Ішкі саясат басқармасын басқарды, елордалық Байқоңыр ауданының әкімі, қала әкімінің орынбасары, Amanat партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2023 жылы наурыз айында бірауыздан елордалық мәслихаттың төрағасы болып қайта сайланды (бұрын алдыңғы шақырылымның төрағасы болған). Оның кәсіби қабілеті, мәселелерді шешуге бағытталған дипломатиялық және объективті көзқарасы жаңа жұмыс орнында жақсы нәтижелерге қол жеткізуге үлкен мүмкіндік берді.

– Атқарған ісіміздің сыншысы – халық, төрешісі – уақыт. Осы орайда, мен өзіме сенім білдірген қала тұрғындарына, бірлесе еңбек еткен Астана қаласы мәслихатының VII және VIII сайланым депутаттарына, қаламыздың әкімі Жеңіс Қасымбек мырзаға және барлық әріптестеріме шынайы алғысымды білдіремін, – деді ­Ерлан Каналимов.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button