Әлеумет

Атқарылған қызметтер ауқымы

Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

[smartslider3 slider=3685]

Департаменттің мемлекеттік  тіркеу саласында заңнамамен айқындаған бірнеше ­функциялары бар. Соның бір тармағы – мемлекеттік қызметтерді көрсету. Үстіміздегі жылдың 1-жартыжылдығында 8 012 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылдың көрсеткішімен  салыстырғанда 3,2 пайызға көп.

Бұл ретте Департаменттің негізгі қызметіне кіретін заңды тұлғаларды тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша, 7 029 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Қазақстан Республикасындағы нотариат – бұл нотариаттық iс-әрекеттер жасау арқылы жеке, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететін білікті заң көмегін көрсету жөніндегі құқықтық институт. Нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау бойынша 104 қызмет көрсетіліп, оның барлығы электрондық нысанда  көрсетілді. Осы мерзімде жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттестаттау бойынша 13 қызмет электрондық нысанда өтті.

Департаменттің атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету туралы айта кетсек, мемлекеттік сот орындаушылары саласы бойынша орындауда тұрған атқару құжаттары – 2 331 болса, оның ішінде сомасы 1177,6 млрд.тг.  жалақы өндіру жөнінде Департаментте орындауда тұрғанының сомасы 140,8млн.тг. 18 құжаттың 10-ны қаралып, 3,8 млн. тг өндірілді. Үйден шығару және құрылысты бұзу туралы жағдаят бойынша  45 құжат рәсімделіп, оның 17-сі аяқталды.

2022 жылдың 1-жартыжылдығында сот орындаушылары 154 борышкерге борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы әкімшілік хаттама толтырды, оның ішінде 124 іс бойынша адамдар жауапкершілікке тартылды, 19 адамға қатысты материалдар қаралуда, 11 материал тоқтатылды.

Мемлекеттік сот орындаушыларының орындауындағы атқару құжаттары бойынша 20 әкімшілік іс қозғалды, 18 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды,  2 әкімшілік іс қысқартылды.

10 пайыздық  атқарушылық санкция өндіру туралы айта кетсек, 2022 жылдың 1-жартыжылдығында 238 325 154 тг мөлшерінде 10 пайыздық атқарушылық санкция өндірілді.

Нұр-Сұлтан қаласының атқару округінде 253 жеке сот ­орындаушысы өз қызметтерін жүзеге асыруда. Олардың орындауында 535 783 атқарушылық іс жүргізу болды, сомасы 1,5 трлн.тг. Олардың ішінде: аяқталғандары – 170 162 сомасы 125,7млрд. тг., нақты орындалғандары – 101 473, сомасы 16,2 млрд.тг, қалдық – 365 621, сомасы 1,4 трлн.тг.

Алимент төлемдерін өндіру бойынша ЖСО-ның орындауындағы 17 924 атқарушылық іс жүргізу құжатының  аяқталғандары – 1 284, оның ішінде: қайтарылғандары  – 965, нақты орындалғандары – 63, тоқтатылғандары – 256, қалдық – 16 640 іс жүргізу, оның ішінде мерзімі бойынша орындауда  тұрғандары – 9 566, уақытша тоқтатылғандары – 858. ЖСО өңірлік палатасының ақпаратына сәйкес, ерікті түрде төлеушілердің саны – 1 066, алимент бойынша өтелмеген берешек – 3184. 76 борышкерге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде хаттама толтырылып, олардың ішінде 69 борышкер алимент бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тарту бойынша: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 139-бабы (Балаларды күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз жұбайын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) бойынша 71 адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды, олардың ішінде 18 адамға қатысты іс сотқа дейін жетті.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Заңды тұлғаларды тіркеу бойынша 2022 жылдың 1-жартыжылдығында 581 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мерзімдердің бұзылуы анықталмады. 296 заңды тұлғаны тіркеуден бас тартылды.

Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінің негізгі қызметінің бір саласы құқықтық мемлекеттің қалыптасуы халықтың құқықтық мәдениетін дамыту процесін қамтиды. Бұл өз кезегінде дамыған азаматтық қоғам құруға ықпал етеді. Қоғамдық санада құқыққа деген көзқарас әлеуметтік әділеттілік, гуманизм, жеке бас бостандығы негізінде тұрақты әлеуметтік құндылық ретінде қалыптасуы керек.

Халыққа заңгерлік көмек көрсетуді нотариаттық және адвокаттық деп екіге бөлуге болады. Елордада 739 нотариус бар. Есепті кезеңде нотариустардың   іс-әрекеттері туралы 225 өтініш түсті. Қараудың нәтижелері бойынша Нұр-Сұлтан қаласы нотариаттық палатасына 22 ұсыну жіберілді, 14 нотариус тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Адвокаттық қызмет бойынша: 2022 жылдың 1-жартыжылдығында адвокаттардың жалпы саны 650 адамды құрады, 40 адвокаттың артық екені байқалуда. 1 аумақтық адвокаттар алқасы, 5 заң консультациясы, 11 адвокаттық кеңсе жұмыс істейді. Адвокаттардың іс-әрекетіне 81 өтініш келіп түсті, 3 тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды.

Кепілдік берілген заң көмегі бойынша Департамент кепілді заң көмегін көрсету туралы 178 адвокатпен келісім жасады. 2022 жылға арналған қаржыландыру жоспары бойынша тегін заң көмегін көрсету үшін республикалық бюджеттен 154 105 000 тг бөлінді. 2 520 азаматқа заңда көзделген жағдайларда тегін заң көмегі көрсетілді.

Арман АҚЫЛБАЙ,

Нұр-Сұлтан қаласы

Әділет департаментінің басшысы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button