#Жаңа Қазақстан

Атыраулық тұрғындармен кездесті

Партия делегациясы «Өнерпаз» мәдениет орталығында Махамбет ауданының тұрғындарымен кездесті. Жергілікті тұрғындар алдында сөз алған «Ауыл» ХДП төрағасы Әли Әбдікәрімұлы ауыл шаруашылығы заңнамасы, өндіріс, шаруалардың азық-түлік базарларымен делдалсыз жұмыс істеуі, жер мәселесі, салық жеңілдіктері мен азық-түлік белдеуі сияқты мәселелерге тоқталды.

«Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Анна Данченко туған ауылы мен отбасы туралы айтып, медицина тақырыбына да тоқталды. Сондай-ақ ауылдарда сапалы медициналық көмек пен мамандардың жетіспеушілігі мәселесін көтерді. Үміткер Дәулеткерей Кәпұлы Қазақстанның жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы өз ойымен бөлісіп, ауылға арнаған өлеңін оқыды.

Жиынға қатысқан жергілікті тұрғындар мен фермерлер ауыл тіршілігін жақсарту бойынша сауал қойып, ұсыныс-пікірін жеткізді. Үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасында жоғарыда аталған тақырыптар көтерілгенін, ауылдың барлық маңызды мәселесі қамтылғанына сендірді. Аудан тұрғындары делегаттарды қолдап, алдағы сайлауда партияға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ «Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар І.Досқожаев, Н.Байжанов және түрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидаттар Атырау облысы Қызылқоға ауданына барып, мұнайшылармен және шаруалармен кездесті.

Жиында ауылда тұратындардың мәселесі көтерілді. Жұмысшылар шалғай елді мекенде тұратын халықтың балалары білім алатын мектеп-интернаттың жұмысы туралы, оның көп жерде тіпті атымен жоқ екенін айтты. Ауылдарға апаратын жолдың жоғы, болған күннің өзінде сапасы сын көтермейтіні де айтылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button