Денсаулық

АУАНЫҢ ЛАСТАНУЫ АУРУҒА СЕБЕП

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде әр тоғызыншы адам ауаның ластануы кесірінен көз жұмады деп дабыл қағып отыр.

Атмосфераның ластануы күллі ға­ламшарда үлкен мәселеге айналды. Ауаға зиянды қалдықтар ең көп тарататын автокөліктер екен. Бүгінде елордада машиналардың саны 343 мыңнан асады. Демек, атмосфераның тазалығы Астана үшін де түйткілді мәселе.

Жалпы, экологиялық ахуалдың нашарлығы денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Әсіресе, инсульт, басқа да жүрек-қан тамырлары аурулары, өкпенің ісігі, астма секілді ауруларға және олардың асқынуына ауаның ластануы себеп болады. Мысалы, жылуэлектр стансалары жаққан мазут пен көмірдің түтінінен ауаға күкірттің еселенген тотығы таралады. Оның атмосферадағы көлемі шамадан сәл асып кетсе, тыныс жолдарын бұзып, аллергия, жөтел туғызады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауаның ластануынан қанша адам зардап шеккені туралы статистиканы соңғы рет осыдан төрт жыл бұрын жасаған екен. Ол кезде атмосфераның ластануынан әлемде 3 млн адам қайтыс болғаны белгілі болған. Ал биылғы нәтиже дүниежүзінде әр тоғызыншы адам экологияның на­шарлығынан көз жұматынын анықтаған. Әлемдегі 3 мыңнан астам елдімекенді спутник арқылы бақылап шыққан сарапшылар бұл алаңдарлық төтенше жағдай екенін айтып отыр. Сондықтан өндіріс орындары, жылу орталықтары атмосфераға зиянды қалдықтар бөлуді азайтатын тың технологияларды қолданғаны жөн.

Мамандардың пікірінше, дүниежүзінде ауасы ең ластанған ел Қытай мен Үндістан екен.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button