Қала тіршілігі

Аудан абаттануда

Есіл ауданында абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Ауданда жасанды жол төсемесі бар балалар мен футбол алаңдары, хоккей ойнауға лайықталған алаңдар, жаттығуға және workout-кешендеріне ыңғайлы спорт алаңдары салынды.

[smartslider3 slider=608]

Аулаларда қоқыс жәшіктері мен орындықтар орнатылып, ағаштар отырғызылды.
«Есіл ауданы бойынша 483 тұрғын үй кешені бар. Оның 87 пайызы қалпына келтіру жұмыстарын қажет етпейді. Қалған 13 пайызында абаттандыру жұмыстарын жалғастырамыз. Биыл 42 тұрғын үй кешенінде тиісті жұмыстар атқарылды. Биыл «Жағалау 3» тұрғын үй кешеніне 16 жаттығу кешенін орнаттық, 6 футбол алаңы пайда болды. Бүгінде ауданымызда 30 мыңнан аса ағаш отыр­ғызылды. Бұл жұмыстар келері жылы да жалғасады» деді Есіл ауданы әкімдігі абаттандыру бөлімінің бас­шысы Жарқын Айтжанов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button