Мәслихат

АУДАНДАР БЮДЖЕТІ АЗАЙМАЙДЫ

IMG_1011

Қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында 2015-2017 жылдарға арналған бюджет жобасын талқылау аяқталды.

Алдымен Астана қаласының Эко­­номика және бюджеттік жос­парлау басқармасы басшысының орын­басары Гүлнәр Жүсіпова де­пу­тат­тардың қарауына бас қа­ла­дағы үш ауданның; Қаржы; Эко­номика және бюджетті жос­­­парлау; сондай-ақ тексеру ко­­мис­сиясының бюджет бағ­дар­­ламалары әкімшіліктерінің алдағы үш жылға арналған бюд­жет жо­баларын ұсынды. Одан әрі сөз алған аудан әкімдері өз ау­дан­дарына қатысты бірқатар проб­лемаларға тоқталды.

Алматы ауданының әкімі Бек­бол Сағынның айтуынша, бүгінгі таңда осы ауданда 578 аула болса, қазір олардың он пайызға жуығы күрделі жөндеуді қажет етіп отыр.

Биыл бес балабақшаға күрделі жөн­деу жұмыстары жүргізілген. Де­генмен, мектепке дейінгі ба­ла­лар мекемелерінің жыл бойы пайдалануға берілуіне байла­ныс­ты алдын ала бюджетте қа­рас­тырылатын ақша жыл со­ңы­на таман жетпей жатады. Со­нымен бірге аудан басшысы жаңа көшелердің пайда болуына байланысты биыл өткен жылмен салыстырғанда жа­рықты пайда­лан­ғандары үшін тө­лемақы кө­лемінің 25 пайызға арт­қанын, сондықтан оған да қо­сымша қа­ражат қажет екенін айтты. Жал­пы, аталмыш ауданның әкім­дігіне алдағы үш жылға 40 293,2 млн теңге қарастырылса, оның 12 489,8 млн теңгесі 2015 жылға жос­парланып отыр. Аудан әкім­дігінің қызметі негізгі сегіз бағ­дарламаға негізделген.

Келер жылы Есіл ауданында 7 балабақша пайдалануға беріледі. Бірақ, соңғы жылдары осындай балабақшаларды қабылдап ал­ған­да, онда балаларға қажетті қа­рапайым заттар, мәселен, тө­сеніш, ыдыс-аяқ, тіпті, ойыншық болмайтындықтан, бюджетте ал­дын ала қарастырылған қа­ра­жат күрмеуге келмей қалады. Жаңадан пайдалануға беріліп жат­қан көше­лердің мәселесі де көп қиын­дық­тар тудыруда. Аудан бас­шысы Сәбила Мұстафина ал­дағы уақытта осы мәселелерді ойласып ш­ешуді алға тартты.

Қазір бұл ауданда 59 көпқа­батты тұрғын үй салынып жатыр. Олар­дың 24-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Ал, ком­мер­­­циялық тұрғын үйлердің ау­ла­­­ларын бюджеттік тұр­ғын үйлердікімен салыстыру қиын. Осыған орай, аудан әкімі кез келген жұ­мыстың жүйелі жүр­гізілуін ұсынды.

Алдағы үш жылға жоспарланған бюджеттің нақты шығыстар есе­­бінде есептелгені жөнінде айта келе, Сарыарқа ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ау­дан­дағы негізгі мәселелерге тоқ­талды. Бүгінгі таңда бұл ауданда барлығы 706 аула болса, алдыңғы жылы олардың жиырма екісі, өт­кен жылы алпыс алтысы абат­тандырылған. 2015 жылы он үш ауланы абат­тандыру жос­парланып отыр.

Баяндамашы атап өткендей, ал­да­­ғы үш жыл ішінде Астана ау­дан­дарына жылдағыдан көбі­рек ақша бөлінгелі отыр. Ол қам­қор­лыққа зәру азаматтарға әлеу­меттік кө­мек көрсетуге, аудан ау­­ма­ғын­дағы елдімекендерді абат­­­тан­дыру мен көгалдандыруға, кө­­ше­­лерді жарықтандыру мен тұр­ғын алаптарда тазалықты қам­тамасыз етуге бағытталмақшы. Осы  және өзге де мәселелерді ескере келе, тұрақты комиссияның мү­шелері бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің алдағы үш жылға арналған бюджеттік жобаларын мақұлдады.

 

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button