Жаңалықтар

Аудандарда – жаңа басшы

Қалалық мәслихатта Ерлан Каналимовтың төрағалығымен мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 32-бабы 3-тармағына сәйкес кезектен тыс сессия барысында Сарыарқа және Есіл аудандарының әкімдері лауазымдарына тағайындау туралы мәселе қаралды.

[smartslider3 slider=2103]

 

Меритократия қағидатына сәйкес және мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Сарыарқа ауданының әкімі болып Жұмағұлов Жүсіп Рахатұлы тағайындалды. Ол – Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі. Осыдан бұрын қала әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеген. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын «Астана – жаңа қала» АЭА әкімшілендіру басқармасының бас маманы ретінде бастаған. 2016-2019 жылдары «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ басшысының орынбасары, Қоғамдық даму істері басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Есіл ауданының әкімі болып Есенбаев Асылбек Есімханұлы тағайындалды. Ол – Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі, саяси ғылымдар кандидаты. Еңбек жолын Қазақстанның даму институтының ғылыми қызметкері болып бастаған, ғылыми-зерттеу ұйым­дарында жұмыс істеген, мемлекеттік қызметте тәжірибесі бар. Әр жылдары елорда әкімдігінде, ҚР Президентінің әкімшілігінде, ҚР Премьер-министрі­нің кеңсесінде қызмет атқарған. 2019 жылдан бастап 2021 жылдың наурызына дейін Нұр-Сұлтан қаласы Құрылыс басқармасының, Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды. 2021 жылдың сәуір айынан бастап «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ» КЕАҚ басқарма төрағасы болған.

Мәслихат депутаттары аудан әкімдері лауазымына ұсынылған кандидатураларды қолдап, жаңа лауазымда табысты жұмыс тіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button