Мәдениет

Әуе допта әлсіздік таныттық

Елордада волейболдан 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы XXI Азия чемпионаты мәресіне жетті.

[smartslider3 slider=3473]

Азия чемпионы атағы үшін Қытай, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Иран, Қытайдың Тайпейі, Тайланд, Өзбекстан және Қазақстан жастар құрамалары таласқа түсті.

Бір апта бойы Назарбаев Университетінің атлетикалық орталығында өткен тартысты ойындардың нәтижесінде Жапония жастар құрамасы Азия чемпионы атанды. Қытай қыздары күміспен күптелсе, Таиланд арулары қола жүлдеге қол созды. Өкінішке қарай, Қазақстан командасы турнирді сегізінші орынмен қорытындылады.

Чемпионаттың үздік ойыншысы болып жапониялық Анна Уемура танылды.

Құрлық біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сонымен қатар номинациялар бойынша үздік атанған спортшылар дипломдармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button