ЖаңалықтарҚала тіршілігі

ӘУЕ ЖЫЛАНДАРЫНЫҢ ӘНІ

575615-1680x1050

Астанада алғаш рет әуе жыландары фестивалі өтеді!
Елорда күніне арналған шара қала тұрғындары мен қонақтарына тамаша тарту, ерекше уақиға болмақ. Мереке жасыл экономика ұстанымдарын қолдауға бағытталған. Жыландар бамбуктан және жүз пайыз қайта өңделетін қағаздан жасалмақ.

Фестивальде әуе жыландарын басқарудан халықаралық деңгейдегі шеберлер өнер көрсетеді. Көпшілік таза ауада жыландар биіне қанығып қана қоймай, шараға өздері де қатысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, әуе жыландарына құштар шет ел клубтарының өкілдерімен арнайы әзірленген шоу-бағдарламаны тамашалайды. Арнаулы шатырларда кез келген қатысушы қалаған жыландарын нұсқаушылардың көмегімен жасап, ұшыра алады.

5 шілде күні сағат 12:00 мен 22:00 аралығында Ақбұлақ ауданындағы Саябақ аймағында өтетін фестиваль аясында балаларға және басқа да қатысушыларға арналған шеберлік сабақтары, қысқа шоу-бағдарламалар мен ойын-сауықтар, суреттер шеруі ұйымдастырылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button