Жаңалықтар

Әуежайда тексеру күшейтілді

Нұр-Сұлтан әуежайында 1-14 қазан аралығында күшейтілген тексеру шаралары енгізіледі. Бұл туралы аталған халықаралық әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов мәлімдеді.

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ның авиациялық қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттілігі туралы радиограм- масы негізінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежай жолаушыларды тексеру тәртібінің күшейтілгенін хабарлайды. Осыған байланысты 1-14 қазан аралығында Халықаралық ұшу терминалы аумағына тыйым салынған заттардың жеткізілуін болдырмау үшін бірінші тексеру желісі қойылды» делінген хабарламада. Авиациялық қауіпсіздік шараларының күшеюіне байланысты әуежайдың баспасөз қызметі жолаушылардан әуежайға ертерек келуді сұрайды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button