SportЖаңалықтарҚала тіршілігі

АУЛА КЛУБТАРЫНЫҢ БІРІНШІЛІГІ

IMG_0009(1)

16 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында елордалық аула клубтарының арасында алғашқы ашық біріншілік өтеді деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Шараны Жастар саясаты мә­се­лелері басқармасының қол­дауымен «Астана жастары» жас­тар ресурстық орталығы ұйым­дастырып отыр.

Мақсат –   жастарды Мемлекет басшысының идеялары мен саясатының айналасына топтас­тыру. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде жастар Қазақстан халқын біріктіруді, жалпы дәстүрлер мен құндылықтарды сақтауды көздеген  «Мәңгілік ел» бағдар­ла­масын жүзеге асыруға белсенді атсалысуға тиіс екенін атап өткен болатын. Ал, аула клубтары –   жастарды осындай отансүйгіштікке баулитын тәрбие ошағы.

Биылғы  біріншілікте Астана қаласының аула клубтары тоғыз­құмалақ, арқан тартыс,  асық ату,  қазақша күрес,  күміс алу сынды ұлттық спорт түрлерінен өзара жарысады. Қатысушылар  кубоктармен, дипломдармен, ме­даль­дармен және естелік сыйлық­тармен марапатталады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button