Қала тіршілігі

Аула тазалығы назарда

Қаланы таңғы уақытта аралаған Сарыарқа ауданының әкімі Есет Байкен аудандағы көппәтерлі үйлер аулаларының санитарлық жағдайы мен абаттандырылуын тексерді.

Соның ішінде И.Құтпанұлы, Ы.Алтынсарин, І.Есенберлин көшелері мен Жеңіс даңғылындағы бірқатар аулаларды аралады. Аудан басшысы мектептер аулаларының тазалығына назар аударды. Ең алдымен білім беру нысандарының аулаларын тазалау керектігін, қыста да қарды тазалауды мектептерден бастау қажеттігін ерекше атап өтті. Кейбір аулалардың тазалығына байланысты әкімдіктің тиісті аумаққа жауапты қызметкерлері мен мердігерлеріне ескерту жасады.
І.Есенберлин, 13 мекенжайында бірнеше жыл бұрын «Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында балалардың ойын алаңы орнатылды. Алайда құм ғана төселген. Жаңбырлы күндері осы жерде жер езіліп жатады. Аудан әкімі қол астындағы қызметкерлерге алаңға газон төсеуді қарастыруды тапсырды.
– Елордада қазір сапалы газондар сатылымда жоқ екен. Жақсы газондарды басқа қалалардан іздестіруді тапсырдым. Егер табылатын болса, биыл төсейміз. Болмаса, келесі жылдың жоспарына енгіземіз, – деді Е.Байкен.
Ы.Алтынсарин көшесіндегі медицина колледжі маңайындағы ескі, апатты үйлер сүріліп, тұрғындар көшірілді. Қазір бұл үйлердің орнына аталмыш колледждің жатақханасы салынып жатыр. Бірақ сол маңай әлі тазаланбай, ластанып жатыр. Аудан басшысы дереу тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.
Аулаларды аралау қорытындысында абаттандырылмаған, жөндеуді қажет ететін аулалар назарға алынып, оларды келесі жылдың жоспарына енгізу мәселесі қаралатын болды. Бұл мәселелер «Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында тұрғындармен талқыланады.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button