Sport

Аулада жаттығу жасайды

Елордада «Қолжетімді спорт» жобасы іске қосылды, оның аясында елорда тұрғындары спорттың 11 түрі бойынша ашық ауада жаттығуларға қатыса алады. Сабақтарды білікті жаттықтырушылар тегін өткізеді.

[smartslider3 slider=681]

Жоба Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының міндеттерін жүзеге асыруға сәйкес, қалалық әкімдіктің қолдауымен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен жүзеге асырылуда.
 
«Жобаның негізгі мақсаты – бұқаралық спортты дамыту. Жаттығу сабақтары алты саябақта және екі алаңда өтеді. Сабақтарды білікті жаттықтырушылар мен спорт нұсқаушылары аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін өткізеді. Барлығы тегін өткізіледі. Жоба осы жылдың соңына дейін жалғасады. Қыста фитнес сабақтар қысқы спорт түрлеріне – шаңғы және коньки тебуге ауыстырылады» деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының спорт бөлімінің басшысы Еділ Айтбаев.
Ашық жаттығулар қала тұрғындары арасында, балалардан бастап қарт адамдарға дейін танымал болуда.
«Мен «Қолжетімді спорт» жобасы бар екенін естідім. Қазір менің уақытым да, жасым да денсаулығыммен айналысуға мүмкіндік береді. Мен скандинавиялық серуендеумен айналысамын деп шештім. Мұнда балалардың ақы төлемей-ақ айналысып жүргеніне куәмін, баласының қымбат секцияларына ақы төлеуге әркімнің мүмкіндігі бола бермейді. Ал мұнда барлық жағдай жасалған» деді қала тұрғыны Нұрбағила Дәуітбаева.
Жоба туралы толық ақпарат алу үшін Instagram әлеуметтік желісіндегі @Dostupnyi_sportkz парақшасына кіруге болады.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button