Жаңалықтар

Аулаларды абаттандыру жалғасады

Келесі жылы Байқоңыр ауданындағы аулаларды абаттандыру жалғасады. Оның ішінде 25 аулада темір гараждар орнатылғанын ескере кеткен жөн.

[smartslider3 slider=1613]

Бұл ретте Байқоңыр ауданы әкімдігі аппаратының қызметкерлері гараж иелерінің арасында нысандарды 15 сәуірге дейін алып тастау керегі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге кіріскен. Себебі темір гараждар аудан келбетін бұзып қана қоймай, баршаға ортақ аумақтың көп бөлігін басып алған. Еске сала кетсек, биыл ауданда заңсыз салынған 202 металл гаражы сүрілді. Нәтижесінде 10 000 шаршы метрден астам жер учаскесі босап, сол аумаққа қарасты үйлердің меншігіне қайтарылды. Тиісті абаттандыру жұмысы жүргізілгеннен кейін, қазір ол жерлер де демалыс алаңдарына айналған.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button