Sport

АУЛАЛЫҚ КЛУБТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ – ТЕГІН

Соңғы жылдары Астанада аула клубтарының қатары көбейді. Бұл күнде қалалық әкімдіктің қолдауымен ашылған 12 аулалық клуб елордалық­тарға қызмет көрсетіп отыр.

аула

Бұлар, әсіресе, балалар мен жастар жиі баратын пайдалы орынға айналды. Жастар саясаты мәселелері басқармасына қарасты бұл мекемелер – шы­нында да көпшіліктің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға таптырмас мекен. Әсіресе, жазғы демалыс шағында аталмыш ұйымдардың көмегі көп екені белгілі.
Сондай орталықтардың бірі – шаһардағы Абылай хан көшесінде орналасқан «Жас қанат» аула клубы жақында «Ашық есік күнін» өткізді. Көңілді шара барысында бүлдіршіндер мен жасөспірімдер ән мен биден жарысып, қызу додаға түсті. Сонымен бірге, футбол, театр өнері, актерлік шеберлік, үстел теннисі және скаутинг секілді жаңа үйірмелер тұсауын кесіп, балақайларды бір қуантты.
– Мұндағы ұл-қыздар аудандық және қалалық деңгейдегі мәдени-спорттық сайыстарға белсене атсалысады. Ең үздік топтар республикалық жарыстарға жіберіледі. Жалпы, аула клубтары балдырғандарымызды салауатты өмір салтына баулуға, шығармашылыққа икемдеуге жәрдемдеседі. Бүгінде қалада әкімдіктің бастамасымен құрылған 12 аула клубы жұмыс істейді. Ең бастысы олардағы барлық үйірмелерге, өткізілетін шараларға қатысу тегін, – дейді Жастар саясаты мәселелері басқармасының аула клубтарын дамыту жөніндегі бөлімі басшысы Мұрат Борықбаев.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button