-
Басты ақпарат
Париж-2024: үміт басым, күдік те жоқ емес
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасына қатысатын ұлттық құрама команданың мүшелеріне сәттілік тілеп, Мемлекеттік туды тапсырды. 11 күннен кейін басталатын Олимпиада ойындарында біздің спортшылар нәтижелі өнер көрсетуге бар күш-жігерін салады. Сәтсіздіктен сабақ алдық па? Қазір спортшылар дайындығын пысықтап жатса, сарапшылар әлем елдері спортшыларының медаль алу мүмкіндігін талдауда. Мәселен, Gracenote сараптамалық компаниясы әлем және құрлық чемпионатының қорытындысын есепке алып, төртжылдықтың басты…
Жалғасын оқу -
Басты ақпарат
Атамекенін аңсап келген
Бурабай баурайындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына 12 мемлекеттен 288 қазақ баласы жазғы демалысқа келді. Шетелдерде тұратын дарынды балалар 15 күн бойы ана тілі, ел тарихы, ұлттық салт-дәстүрге бағытталған бағдарламаларға қатысады. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі этникалық қазақ балалары жиналған, атажұрттың қадір-қасиетін дәріптеуге бағытталған балалар құрылтайы басталды. Кезекті рет өтіп жатқан аталмыш жобаны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Оқу-ағарту министрлігімен бірлесе ұйымдастырды. 12 мемлекеттен келген 288…
Жалғасын оқу -
Басты ақпарат
Сарыарқадағы серпіліс
Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан Сарыарқа ауданының тарихы сонау Целиноград, кейіннен Ақмола қаласының құрылуынан басталған еді. Бүгінде бұл аудан еліміздің бас шаһарымен бірге есейіп, көркейіп келеді. Тұрғындар саны да күн санап өсуде. Қазіргі таңда ауданның жалпы аумағы 6775 шаршы метрді құрайды. Аудан әкімдігі әсіресе тұрғын алаптардың дамуы мен өркендеуі үшін айтарлықтай күш салуда. Бұл ретте жергілікті жұртшылықтың бастамалары мен ұсыныстары…
Жалғасын оқу -
Басты ақпарат
«Қарагөз»: Мәмбетовтен Мирғалиеваға дейін
Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры 33-маусымын Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясының премьерасымен түйіндеді. Спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Мирғалиева. Аталмыш туынды реформатор режиссер, Қаз КСР халық әртісі, Қаз КСР мен КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық Қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетовтің рухына арналды. Қазақ театрының классикасы саналатын «Қарагөзді» Мәмбетов осыдан қырық жылдан астам уақыт бұрын қара шаңырақ М.Әуезов…
Жалғасын оқу -
Басты ақпарат
Алаш журналистикасын үлгі еткен
Алаштанушы ғалым, профессор Қайрат Сақтың еліміздің ғылымы мен біліміне қосып келе жатқан үлесі орасан зор. Ғылыми публицистикалық шығармаларында Алаш қозғалысы қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығын терең зерттей келе, отандық журналистиканы «Қазақ» газеті салған жолменен дамытуды ұсынады. Қазақстанның бұрынғы және қазіргі астанасындағы маңдайалды жоғары оқу орындарындағы білім беру саласын дамытудағы қажырлы еңбегі – өз алдына бөлек әңгіме. Айтқандай, бүгінде Л.Н. Гумилев атындағы…
Жалғасын оқу -
Басты ақпарат
1-сыныпқа емтихансыз қабылданады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Балалардың білімі мен қауіпсіздігі туралы заңда лицейлер мен гимназияларға 1-сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Неге емтихан тапсырмайды? Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев былай деді: Біріншіден, бұл…
Жалғасын оқу -
Тұлға
Алғашқы адамдар түркі тілінде сөйлеген
Жазушы, тарихшы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қойшығара Салғараұлы 85 жасқа толды. Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап ерен еңбекті, қайтпас қажырды өз өмірінің ең адал серігі еткен жанкешті жазушы қазірге дейін қолынан қаламын тастамай, төл тарихымызға қатысты талай деректі індете зерттеп, бағамдап байқағанын хатқа түсірумен келеді. Иә, алғаш жазған әдеби туындыларын айтпай-ақ, «Алтын тамырдан» бері таратсақ та, Қазақтың Қойшығарасының ұлтымыз мәдениеті мен…
Жалғасын оқу -
Мәдениет
Айтматов фестивалінде топ жарды
Бішкек қаласында өткен Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Айтматов және театр» атты VІ халықаралық театр фестиваліне қатысқан астаналық өнер ұжымдары топ жарды. Шыңғыс Айтматовтың «Жан пида» трагедиясын (қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрқанат Жақыпбай) ұсынған Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» театры Гран-приді жеңіп алды. Ал Әзірбайжан Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театры…
Жалғасын оқу