Елорда тынысы

Аутизмнен оңалтудағы оң қадамдар

Бүгін – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні. Аутизм – кішкентай балалардың ми қызметінің бұзылуы салдарынан олардың айналадағы адамдармен қарым-қатынас жасап, байланысқа түсуіне қиындық тудыратын психикалық ауытқу.

[smartslider3 slider=2568]

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс маманы, қалалық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Елена Полиенконың айтуынша, аутизмнің әлемде таралу деңгейі жылына 11-14%-ды құрайды.

– Соңғы 5 жылда елордада аутизмге шалдыққан балалар саны 3 есе артты. Нұр-Сұлтан қаласында психиатрда есепте тұратын аутистік спектр ауытқушылығына ұшыраған балалардың жалпы саны биыл 1117 бала болды. Оларға мамандандырылған психиатриялық көмек қалалық психикалық орталықта амбулаторлық деңгейде көрсетіледі. Ол үшін учаскелік балалар психиатр-дәрігеріне алдын ала жазылу керек. Кешенді қыз­метке психикалық ауытқушылықты диагностикалау, медициналық оңалту, сарапшылық мәселелерді шешу, мүгедектікті ресімдеу кіреді. Бүгінгі таңда елордалық балаларға 4 психиатр дәрігер қызмет көрсетеді, – дейді Л.Полиенко.

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді қызмет көрсетуді жетілдіру бойынша Жол картасы шеңберінде 2021-2023 жылдарға жалпы практикадағы дәрігерлер мен педиатрлар аутизм асқынуын ерте анықтау бойынша диагностикалық скрининг жүргізуді үйренді. Сөйтіп қазіргі таңда қала емханаларында осы ауытқушылықты ерте анықтау жөнінен диагностикалық жұмыстар жүргізілуде. Аутизмге шалдыққан балаларға тексеру жүргізіліп, диагнозы нақтыланғаннан кейін олар психологиялық медициналық педагогикалық комиссияға жіберіледі, себебі негізгі түзету, оңалту, яғни педагогикалық, психологиялық, логопедтік жұмыстарды білім беру мекемелері жүргізеді.

Ресми деректеріне сүйенсек, елімізде аутизмге шалдыққан 8796 бала бар. Ал елордада ерекше қажеттілігі бар балалар саны – 5,5 мың бала. Бас қалада сондай жандарға  арналған оңалту орталықтарының желісі айтарлықтай кеңейе түскен. Әкімдік ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды оңалту үшін жүйелі түрде жағдай жасауда. Елордада 11 мектепте инклюзивті қолдау кабинеттері жұмыс істейді. 2020 жылы елордада БЦП, аутизм, даун синдромы және т.б. диагноздары бар балаларды оңалтумен айналысатын бірқатар ірі оңалту орталықтары ашылды. Мысалы, «Асыл Мирас» жаңа аутизм орталығы аутистік спектрдің аурулары бар балаларды 50%-ға көбірек қамтуға мүмкіндік берді. №1 қалалық балалар ауруханасы базасында ашылған «Қамқорлық» оңалту орталығы жыл сайын сал ауруына шалдыққан 600-ге жуық баланы тегін медициналық көмекпен қамтиды.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button