ЖаңалықтарМәдениет

«Ауыл хикаялары» – қала сахнасында

[smartslider3 slider=590]

Елордадағы Ә. Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы», «Маңдайдан бағың шайқалса», «Қош, махаббатым» әңгімелерінің желісі бойынша «Ауыл хикаялары» спектаклін ұсынды. Қоюшы режиссерлері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев, Нұржігіт Мүсілімов және Әли Бидахмет. Суретші – Айнұр Есболатова. Аталмыш спектакльдің премьерасы биылғы 27-28 ақпан күндері өтті.
– Бұл спектакль арқылы балалалық шаққа саяхат жасалады. Қаланың күйбең тіршілігін шаршаған көп адам осы қойылымды көруге келеді. Көрермендердің ыстық ықыластарынан, соққан шапалағынан керемет әсер аламыз, – дейді аталмыш театрдың актері Әли Ризабек. Жалпы Оралхан Бөкейдің шығармалары сахнаға сұранып тұрады. «Апамның астауы» әңгімесінен әжеге деген сағыныш лебі еседі. Бұл туынды ата-ананың емес, әже тәрбиесінде өскен әр адамды бейжай қалдырмайды. «Маңдайдан бағың шайқалса» шығармасында адам тағдыры суреттеледі. Ал «Қош, махаббатым» – баянсыз махаббат жайлы туынды. Осы үш әңгімені біріктірген спектакльді театр актерлері әсерлі бере білді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button