Қала мен Сала

Ауылға маман бара ма?

Ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандар жетіспейді. Ендеше кадрларды дайындау жүйесіне қандай өзгеріс керек? Бұл туралы Астанада өткен «Экономиканың нақты секторы үшін мамандар дайындаудағы университет пен жұмыс берушілердің серіктестігі» атты рес­публикалық форумда талқыланды.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өткен жиынға ҚР Парламенті депутаттары, 150-ден астам отандық және шетелдік агробизнес өкілдері мен қоғамдық ұйымдар қатысты. Басқарма төрағасы Ақылбек Күрішбаев өз сөзінде әлемнің ал­дыңғы қатарлы университеттерінің тәжірибесі негізінде кадрларды даярлау жүйесін жаңғырту бойынша білім ордасында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Айтуынша, оқу орны серіктестің қолдауымен, атап айтқанда әлемде аграрлық білімнің ордасы саналатын Калифорния университетінің үлгісінде кадрлар даярлау­ды жүзеге асыруда.
Бұған дейін студенттер үшін өндірістік іс-тәжірибе небәрі үш ай болса, уни­верситет бұл талапты сегіз айға дейін созып отыр. Осылайша болашақ маманның егіннің себілу кезеңінен бас­тап оны баптау, ору нау­­қандарына дейін толық қатысуына мүмкіндік беріп отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button