Ел тынысы

«Авиценна: Денсаулық сақтау» бағдарламасы іске қосылмақ

Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген медицина студенттерін оқыту бойынша «Авиценна: Денсаулық сақтау» бағдарламасы іске қосылмақ, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Сыртқы істер министрлігі жанындағы «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі мен Астана медицина университеті Орталық Азия елдерінен келген медициналық оқу орындарының студенттеріне арналған «Авиценна: Денсаулық сақтау» бағдарламасын іске қосады.

Бұл туралы СІМ Ресми өкілі Айбек Смадияров брифинг барысында хабарлады.

Бағдарлама ағымдағы жылдың 12 сәуірі мен 2 мамыры аралығында Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген 17 талантты студенттерге ұйымдастырылады. Оқыту курстары медициналық білім берудің әртүрлі аспектілерін қамтиды.

Бұл бастама Қазақстанның Орталық Азиядағы академиялық байланыстарды нығайтуға және денсаулық сақтау саласындағы жас мамандарды қолдауға ұмтылысын көрсетеді.

Бағдарлама «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің гранты негізінде жүзеге асырылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button