Қала мен Сала

Автобус жүргізушісінің жұмыс күні

01

Астаналық Светлана Ярушевская 27 жылдан бері қоғамдық көлік жүргізушісі болып істеп келеді. Троллейбусты көргеннен кейін ол жүргізуші болуды армандайды. Техникумда оқып жүріп, 21 жасында курстарды тәмамдап, жүргізуші куәлігін алады. Көп жыл өтсе де, Светлана сүйікті кәсібін тастаған емес.

Троллейбус паркі жабылған соң Светлана №2 автобус паркінде сегіз жыл істейді. Ал төрт жыл бұрын жүргізуші болып №1 автопаркке ауысты.

Күнде таңертең диспетчер жүргізушілерге жол қағазын береді, ал фельдшер ауысым алдында медициналық тексеру жүргізеді.

04

Содан кейін жүргізушілер тұраққа барып, өз автобустарына отырады. Айта кетерлік жайт, бір көлік екі жүргізушінің атына тіркеледі, олар ол үшін толық жауапты болады. Жолға шықпас бұрын машиналарды кезекші механик қарап шығады.

05

– Жұмысқа 15 минуттың ішінде жиналамын. Сенесіз бе? Кейде боянып та үлгермеймін. Автобуста боянамын. Ерте келіп, жол қағазын аламын. Кондуктормен соңғы аялдамаға жеткен соң бірге кофе ішеміз. «Бәрі де жақсы болады» деген оймен жолға шығамыз, – дейді ол.

Светлана үшін жұмыстағы ұжымның маңызы зор. Оның айтуынша, әріптестері оған басқаша қарайды, көлік жуғанда, жөндегенде көмектеседі. Тіпті, жолаушылар да, әсіресе, қариялар ұнатады екен.

– Жолаушылармен әңгімелесетін әдетім бар. Жеңіл көлікпен жүріп те көрдім, түк шықпады. Маған үлкен көлік керек. Шаршасам да, жұмысымды жақсы көремін. Бір ай бойы демалғаннан кейін бірінші күні жүрегім дүрсілдеп, жұмысымды сағынғанымды түсінемін! – дейді Светлана Ярушевская.

Светлананың тағдыр қосқан күйеуі де №2 автопаркте бас инженер болып істейді.

– Кейде демалыс күндері балық аулауға шығамыз. Табиғат аясында демалғанды ұнатамын, – дейді ол.

Айта кетейік, елордалық қоғамдық көліктерде 1473 жүргізуші жұмыс істейді, соның ішінде жетеуі – әйел.

astana.gov.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button